Қазақстандықтар интернетке қанша ақша жұмсап жүр?

18 ақпан, 12:00

Фото: ғаламтордан

Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың Интернетте қанша ақша жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews. 

Алматы. NEGE. Министрдің айтуынша, отандық интернет-дүкендердегі сауда-саттық мөлшері 422 миллиард жетсе, халықаралық интернет-дүкендерде жасалған сауда-саттық мөлшері 280 миллиард теңге болған.

«Былтырдың өзінде Қазақстандағы электрон-сауда көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 миллиард теңгеден асты. Ішкі нарық та жақсы дамып жатыр. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сауда-саттық 422 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, 40,5 миллион тауар жіберілген», - деді министр.

Сұлтановтың айтуынша, былтыр Қазақстанда Интернетте сауда жасағандардың саны 72 пайызға артып, 3,2 миллион адамға жетті.

Қазақстанның электрондық сауда нарығы 2019 жылы 1,8 есеге артып, 700 млрд теңгеден асты. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесі 2018 жылғы 2,9%-дан 2019 жылы 3,7%-ға дейін өсті. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сатып алу көлемі 422 млрд теңгені, халықаралық интернет-алаңдарда 280 млрд теңгені құрады. Аса танымал тауарлар —  аксессуарлар мен техника (35%), косметика (30%), үйге арналған тауарлар (15%), киім және аяқ киім (10%).

2019 жылы Қазақстанда 3,2 млн белсенді онлайн-сатып алушы тіркелді (2018 жылы – 2,3 млн адам). Елімізде 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді, оның ішінде табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін барлығы 579 интернет-дүкен тіркелген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации