Қазақстанда қанша тонна мұнай қалды?

18 ақпан, 11:01

Фото: facebook.com

Қазақстанның табиғи қазба байлықтары әлі толық зерттелмегенін мамандар жиі айтады. Оның ішінде мұнай қоры туралы нақты дерек жоқ. Бірақ болжам бойынша 76 млрд тоннаға жуық мұнай-газ ресурсы бар. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Алматы, NEGE. «Көмірсутегі туралы айтар болсақ, еліміздің 15 шөгінді бассейндерінде шамамен 76 млрд тоннаны құрайтын мұнай-газ ресурстары бар деп болжануда. Бұл шөгінді бассейндердің геологиялық зерттелу дәрежесі әртүрлі. Оның бесеуі игерілген, бесеуі аз зерттелген және бесеуінің перспективасы төмен. Каспий маңы, Үстірт-Бозашы, Маңғышлақ, Оңтүстік Торғай, Зайсан бассейндерінің терең қабаттарын геологиялық іздестіру-бағалау жұмыстарына жеке инвестициялар тарту жоспарлануда. Аз зерттелген Солтүстік-Торғай, Ертіс маңы, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу шөгінді бассейні аумақтарында геологиялық зерттеуді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізу қажет деп есептейміз», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации