Қазақ үкіметі қырғыз және ресейлік әріптестерімен ұлттық валютада есеп айырысуды талқылауда
13 наурыз, 13:20

Қазақстан, РФ және Қырғызстан үкіметтері бизнес-операцияларды ұлттық валютада жүргізуді ақылдасуда. Бұл туралы қырғыз үкіметінің басшысы Мұхаммедқалый Абылғазиев мәлімдеді. Аптаның басынан бері доллардың қырғыз сомына қатысты бағамы 4%-ға өсіп кеткен. Қазір бір доллар 73 сомға сатылуда.
Алматы, NEGE. «Қазақстан және Ресей Федерациясының үкіметтерімен бірге осы елдердің кәсіпкерлерінің өзара келісімшарт міндеттемелері бойынша ұлттық валютамен есеп айырысу мәселесі талқылануда», - деп хабарлады қырғыз премьерінің баспасөз қызметі.
Әзірге үш елдің валютасының төлем қабілетіндегі айырмашылықты қалай еңсеретіні белгісіз.