Kaspi Gold-ты үйден шықпай-ақ ашуға болады

09 сәуір, 08:13

Фото: 24.kz

Төтенше жағдай кезінде банктер де халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, әлеуметтік төлемді алуына қолұшын беруі керек. Бұл туралы уәжін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов банктерге қарата айтқан еді.

Алматы, NEGE. Kaspi.kz тағы да инновациялық қырынан танылды. Енді әлеуметтік төлемге қажет шот ашу үшін банкке келудің қажеті болмайды. Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйде отырып-ақ ашуға болады. Мемлекеттен көмек ретінде 42 500 теңге жәрдемақы беріледі деген кезде банктерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік төлем сол банктегі есеп шотқа түседі делінген болатын. Сондықтан шот нөмірінің болуы міндеттелді. Ал карантин кезінде халықтың жиналуына тыйым салынған. Десе де тұрғындар шот нөмірін алуға қаржы ұйымдарына баруға мәжбүр болды.   

Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан, Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе: "Біз карантин кезінде қазақстандықтардың әлеуметтік төлемді алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшесіне барып жатқанын көріп, қатты қобалжыдық. Осыған орай командамыз рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Клиенттерімізге айтқым келеді. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан былай үйден шықпастан, Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады" деді. 

Яғни, картаның барлық қызметін шоттың өзімен-ақ жасай бересіз. Ал картаның өзін төтенше жағдай мен карантин біткен соң алуға болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации