Қашықтан жұмыс істеу неге қауіпті?

27 қазан, 19:01

Фото: google.com

Англия Банкінің бас экономисі Энди Холдейн ұзақ уақыт бойы қашықтан жұмыс істеу экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Экономисттің сөзінше, үйден жұмыс істеу кезінде күнделікті сапарлар қысқарып, арнайы кестемен жұмыс істеу қажеттілігі туындамайды. Бірақ оның кемшіл тұсы бар, себебі ата-аналар үйде жұмыспен қатар балаға көңіл бөліп, жұмыс істеуге ыңғайсыз ортада отыруы мүмкін. 

Ұлттық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Ұлыбританиядағы қызметкерлердің төрттен бірі үйден жұмыс істеу олардың өнімділігіне негатив әсер етті десе, 12 пайызы керісінше жақсы әсер еткенін айтқан. 

«Үйден жұмыс істеу - интуицияны кесте, ал кездесулерді Zoom алмастырады деген сөз. Олар бізді кездейсоқ кездесу мен жұмыстағы қарым-қатынастан шектеп, экономикалық өсуге қажет шығармашылық потенциалға қауіп төндіреді», – дейді сарапшы.  

Өткен айда Ұлыбританияның премьер-министрі үкіметтің қаулысына өзгерту енгізіп, қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Соған байланысты елдегі кеңселер қайтадан босай бастаған. Ұлыбританияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, 14-18 қазан аралығында қызметкерлердің 60 пайызы ғана кеңсеге барып жұмыс істесе, қашықтан жұмысын жалғастырғандардың саны 25 пайызға артқан.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации