KASE индексі бейсенбіде 0,41%-ге өсті

21 мамыр, 19:19

Фото: astana-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,41% -ға 2290,99-нан 2300,49-ға дейін өсті.
Алматы, NEGE. Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 28,4% өсіп, Т277,5 млн. немесе $668,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан халық банкі» АҚ (+3%), «Кселл» АҚ (+0,03%), «KEGOC» АҚ (+1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,3%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,2%), KAZ Minerals PLC (-0,7%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-1,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,001%) акцияларының бағасы түсті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации