Дәретханаға қысылмай баратын болдық

16 қыркүйек, 11:34

Фото: inform.kz

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге артып, 48,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Еnergyprom.kz порталы.

Алматы, NEGE. Былтырға арналған өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,7%-ды құрады (бір жыл бұрын – 99,1% болған). Салыстыру үшін айта кетсек, 2019 жылы қағаз өндірісі 66,8 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 14,6%-ды құраған. Қазақстанның өңірлері арасында қағаз және қағаз өнімдерін шығару бойынша қаңтар-шілде айлары бойынша Алматы облысы көш бастап тұр: 12,2 млрд теңге, жылдық өсім – 11,4%. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр: 11,4 млрд теңге, жылдық өсім – 18,6%. Үздік үштікті Ақмола облысы түйіндеген. Бұл өңірде қағаз өндірісі 32 есеге артып, 9,5 млрд теңгеге жеткен. Жекелеп алсақ, өткен жылдың қаңтар-шілде айымен салыстырғанда әсіресе әжетхана қағазы өндірісі 26,5%-ға, 23,3 мың тоннаға артты. Сонымен қатар гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған қораптар, жәшік пен сөмкелер өндірісі 20,2%-ға, 61,7 мың тоннаға ұлғайған. Сондай-ақ оралған немесе парақ түріндегі гофрленген перфорацияланған қағаз бен картон (17,9 мың тоннаға дейін) және қол орамалдар мен косметикалық салфеткалар (2,1 мың тоннаға дейін) өндірісі 26,5% - ға қысқарды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации