Италиялық дәрігер науқастарды ауруханада орын босату үшін өлтірген бе?

28 қаңтар, 10:38

Фото: ғаламтордан

Италияның Монтикьяри қаласындағы Карло Моска есімді дәрігерге ауруханада төсек-орын босату үшін COVID-19 жұқтырған науқастарды өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға дәрігер қасақана дем алуға мүмкіндік бермейтін препарат салған. Нәтижесінде екі адам қайтыс болған. Brescia Today мәліметінше, бірінші жағдайда науқастың денесінен препаратты шамадан тыс көп салғандықтан өлім жағдайы тіркелгені анықталған. 

Ал La Repubblica басылымының мәліметінше, Моска Италияда ауру өршіген уақытта алдыңғы қатарда жүрген дәрігер. Ол «әр кезекшілігінде мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалу үшін күрескенін» айтқан. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации