Илон Маск 6,2 млрд доллар жоғалтты

05 наурыз, 15:32

Фото: ғаламтордан

Илон Маск табысының біршама бөлігін жоғалтты.

Алматы, NEGE. Америкалық кәсіпкер Илон Маск активтерінің жиынтық құны бейсенбі күні АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындылары бойынша өзіне тиесілі Tesla компаниясының акциялары 5%-ға төмендегендіктен, 6,2 млрд долларға азайды, деп хабарлайды Forbes журналы.

Басылымның мәліметінше, кәсіпкердің жағдайы $150,9 млрд-қа дейін төмендеген, сауда сессиясының қорытындысы бойынша Tesla акциялары $32,25 (4,94%), $620 дейін арзандаған.

Forbes құраған әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде Маск үшінші орында. Бұл көрсеткіш америкалық Amazon корпорациясының басшысы (Джефф Безос ($175,4 млрд) және француздық LouisVuitton Moet Hennessy компаниялар тобының бас директоры Бернар Арноданнан ($155,6 млрд) төмен.

Bloomberg агенттігі Маск активтерінің жалпы құнын 160 миллиард доллардан астамға бағалайды. Агенттік құрған әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде Маск екінші орында. Қазір одан тек Безос алда тұр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации