Халықтың ақшасын инфляция жеп жатыр

20 ақпан, 12:35

Фото: discovered.com.ua

2020 жылдың 1-қаңтарынан мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы 35-50%-ға, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі - 30 %-ға өсті, алайда елдегі азық-түлік өнімдері бірден 10-15%-ға шарықтаған деп хабарлайды Kursiv.kz.

Алматы. NEGE. Бастапқыда мұны Қытай  эпидемиясының салдарынан, шекарадағы шектеуден көрген. Бірақ  мамандар алға тартып отырғандай, елде отандық өнімдердің де бағасы қаңтар айынан бері қымбаттап шыға келген. Сала мамандарының пайымдауынша, нақ қазіргі қалыптасып отырған қымбатшылық жайғдайында халықтың табысына мардымсыз үстемақы қосылып отыр.

«10-15, 20-25 пайыздық үстемақы қосу халықты қымбатшылықтан құтқармайды. Мысалы, біздегі орташа еңбекақы көлемі 120 мың теңгенің айналасында», – дейді экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации