Гонконгтың әр тұрғынына 1300 доллардан таратылмақ

27 ақпан, 14:25

Фото: luxpersons.com

Гонконг билігі экономиканы жандандыру үшін әр тұрғынға 1300 доллардан таратып бермек. Ал азаматтар ол ақшаны керегіне жаратып, сол арқылы тұтыну индексі артуы мүмкін. Ол өз кезегінде экономиканы тұралаудан құтқарады.

Экономистер тілімен бұл әдіс Helicopter money деп аталады. Әрине, тарихта жиі қолданылмайтын шара. Бірақ пайыздық мөлшерлемелер нөлге теңескенде, тіпті кредит бойынша кері ставкалар жүре бастағанда пайдаланып көруге тұрарлық жол. Енді билік 1300 долларды 7 миллионға жуық адамға таратып берейін деп отыр. Оған 9 миллиард доллар кетеді. Сонымен бірге, электр энергиясына субсидия мен кедейлерге пәтер жалдау ақысын төлеп отыру үшін тағы 6 миллиард доллар қарастырылған.

Азаматтардың бір жеңілдеп қалары сөзсіз. Бірақ экономика қайта жандана ала ма? Оңтүстік-Шығыс Азия экономикасын бақылап отырған сарапшылар бұған дейін Сингапур жүргізген әдістің көпшілік күткендей нәтиже бермегенін алға тартады. Бірақ онда азаматтарға бар-жоғы 300 доллардан таратылған болатын. Гонконг тәжірибесінің нәтижесін саралау үшін кем дегенде 1-2 жыл күту қажет.

 

#тегін #ақша #гонконг
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации