USD
USD
USD

Газдың текше метрі 45 теңге болады

Елордада табиғи газдың тарифі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді үйінің жылу жүйесін газға қосқан тұрғындар көгілдір отынның текше метрі үшін 45 теңге төлейді. Бұған дейін баға 60 теңге болған еді.

Газдың текше метрі 45 теңге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде «Железнодорожный» тұрғын алабында газ тарату желілерін тарту жұмысы 100% аяқталды. Ал «Промышленный» және «Көктал-2» тұрғын алаптарындағы жұмыс 95%-ке, «Көктал-1» тұрғын алабында 80%-ке аяқталған. Мақсат Есмағұлов, қалалық Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы: – Жылдың соңына дейін 8 мың үйдің газға қосылу мүмкіндігі болады. Әрбір үйдің алдына газды әкеп қоямыз. Тұрғын алаптарын қыркүйек айының соңынан бастап газға қосатын боламыз. Қазіргі кезде оларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Табиғи монополияларды зерттеу комитетімен бірге үлкен жұмыстар жасадық. Қазіргі кезде газдың бағасы шамамен баға 45 теңге болып бекітілді. 60 теңгеден 45 теңгеге түсірдік, – дейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина