Франция билігі коронавирус күшеюі мүмкін екенін ескертті

03 наурыз, 11:36

Фото: ғаламтордан

Францияда алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, эпидемиологиялық ахуал нашарлауы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Жан Кастекс мәлімдеді. Себебі елдің 20 департаментінде вирусты жұқтырғандар саны артқан. Үкімет басшысы дерттің таралуына тосқауыл қою үшін кей өңірлерде карантиндік шектеулер қатаңдатылуы мүмкін екенін ескертті. Айта кетейік, Францияда індет басталғалы коронавирусты 3 миллионнан астам адам жұқтырып, 86 мың науқас қайтыс болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации