Форс-мажор куәлігі туралы сертификат тегін беріледі
16 наурыз, 16:17

Төтенше жағдай кезінде форс-мажор куәлігі туралы сертификаттар тегін берілетін болды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ таратты.
Алматы. NEGE. «Пандемияға байланысты келісім-шарттардағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі жоқ қазақстандық кәсіпкерлер фарс-мажорды куәландыру үшін «Атамекеннің» еншілес компанияларына хабарласа алады. Қалыптасқан жағдайда кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге шешім шығарылды. Сертификаттар тегін беріледі», - делінген хабарламада.