Ендігі ақшаларға қолтаңба қойылмайды

19 ақпан, 21:00

Фото: Instagram

ҚР Ұлттық банкі номиналы 2 мың теңгелік банкноттарда реттеуші басшының қолтаңбасы болуы міндетті емес екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта айналымда Ұлттық Банк Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып есептеледі және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Сұрақтар туындаған жағдайда Қолма-қол ақша айналысы Департаменті +7 (727) 596-814 телефондары бойынша хабарласуға болады», – деп хабарлады Ұлттық банк өкілдігі.

Еске сала кетсек, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық Банк Төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талап 2016 жылдан бастап алынып тасталған».

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации