Елімізде бизнеске ислам қаржыландыру жүйесін тарту ұсынылды

29 маусым, 16:56

Фото: 24.kz

Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін ислам қаржыландыру жүйесін қолдану қажет. Бұл туралы бүгін «Astana Finance Days» онлайн форумы аясында «Инсейф» ислам әлеуметтік қаржыландыру бөлімінің басшысы Зияд Махомед мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Бұл институт өз қызметін шариғат заңдары бойынша жүргізетіндіктен, оның көптеген тиімді тұстары бар. Қазірдің өзінде әлемде ислам қаржыландыру көлемі 2,5 триллион долларға жетіп отыр. Мамандар «2023 жылы бұл көрсеткіш 3,8 триллион доллардан асады» деген болжамдарын айтып жатыр. Форумға қатысушылардың хабарлауынша, Қазақстанда мың адамға шаққанда 12-20 азамат қана шағын және орта кәсіппен айналысады. Олар жалпы ішкі өнімнің 30%-ін құрайды. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш 50%-ке тең. Алайда, коронавирус індетінің салдарынан барлық мемлекеттегі шағын және орта бизнес өкілдері түрлі қиындықтарға тап болды. Кәсіпкерлер «бұл тығырықтан шығу үшін цифрлық технологияларды енгізу қарқынын ұлғайту керек», дейді Ислам қаржыландыру мамандары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации