Елімізде 19 137 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр
24 ақпан, 15:54

2020 жылдың 1 ақпанындағы жергілікті атқару органдарының деректеріне қарағанда, елімізде 19 137 шетел азаматы еңбек етіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлады.
Алматы. NEGE. Басшылық және орынбасарлардың саны – 753 (4%), құрылымдық бөлімшелердің басшылары 4364 (23%), мамандар – 9613 (50%), білікті жұмысшылар – 1749 (9%), маусымды жұмысшылар – 926 (5%). Ал 1732 (9%) адам корпоративтік жұмыс орнын ауыстыру арқылы келген.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5266 (28%), Түркия – 1935 (10%), Үндістан – 1896 (10%), Ұлыбритания – 1434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) адам.