Еліміз Қытаймен саудада 2,1 млрд теңге жоғалтты

10 наурыз, 17:19

Фото: liter.kz

Қазақстан қаңтар-ақпанда Қытаймен саудада Т2,1 млрд жоғалтты, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары  – ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы. NEGE.
«Қытайдан әкелінетін тауарлар импортының салығы мен кедендік алым  түсімі  12% төмендеді, немесе Т2,1 млрд: 2019 жылғы ақпандағы  Т17 млрд сомадан 2020 жылғы ақпандағы Т15 млрд-қа дейін», - деді Смаилов сейсенбідегі үкімет отырысында.  
Оның ақпарынша, республикалық бюджет кірісінің толық орындалмауына коронавирус жағдайы ықпал еткен.  Импорт ҚҚС түсімі жоспарланған Т262 млрд-тан  Т173 млрд.-қа дейін жеткен.
Атап айтсақ, 2020 жылдың ақпанында 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда Қытайдан келетін импорт  11%-ға ($258 млн) төмендеген, ол оның көлемі  27%-ға төмендеген. Жалпы, Смаилов атап өткендей, қаңтар-ақпанда ҚХР-дан жеткізілетін көлік саны 24%-ға, темір жол көлігі –  14% төмендеген.
Сонымен қатар, ақпанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен айырбас  көлемі де төмендеген. ЕАЭО-дан Қазақстанға импорт тасымалдайтын автокөілк құралдарының саны 20%-ға түскен.
Кірістер бойынша бюджеттің орындалмауының екінші себебі – сыртқы нарықтағы бағаның төмендеуі.  
Оның айтуынша, мыс бағасы – 6%-ға, алюминий – 5%-ға, мырыш – 10%-ға, қорғасын – 3%-ға арзандаған.   

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации