ЕДҚБ коронавирус салдарымен күресуге 1 млрд еуро бөледі

16 наурыз, 12:15

Фото: shop.dikom.ru

Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ) коронавирус салдарымен күресуге 1 млрд еуро бөледі, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. «Банк төтенше өтімділікті, айналым капиталын және сауданы қаржыландыруды қосқанда өз клиенттеріне 1 млрд еуро көлемінде жаңа және қосымша қаражат кіретін тұрақтылықты қамту жүйесін құрды», - делінген ЕДҚБ сайтындағы хабарда.

Бұл ұсыныс экономикасы дамушы 38 елдегі «уақытша кредиттік қиындықтарға тап келген тұрақты бизнес негіздеріне ие» ЕДҚБ клиенттеріне ғана қатысты. Ол елдердің экономикасының дамуын аталмыш банк инвестициялайтын болуы керек.

Банк өз шараларын кеңейтуге дайын. Оған сауданы қаржыландыруды кеңейту, екі жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді қаржыландыруды ұсыну, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарды, энергияны әзірлеушілерді қолдау, балансты қайта құрылымдау және муниципиалды, энергетикалық және инфрақұрылымдық клиенттер үшін қысқа мерзімді өтімділікті қолдау кіреді.

Құжатқа сәйкес, ЕДҚБ басқа талаптарды өзгерту мен өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қоса отырып, қолданыстағы ссудаларды қайта құрылымдау қажеттілігін бағалайды.

Жаһандық жеткізу тізбегіне қатты интегралданған, және атап айтқанда Қытай мен Еуропаға тікелей тәуелді елдер вирустан қатты жапа шегуде. Экономика өсімі бәсеңдейді, әсіресе Орталық Азияда, Шығыс Еуропа мен Кавказда, Ресйе мен Оңтүстік Шығыс Еуропада, деп болжайды ЕДҚБ.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации