Джо Байденге қайырымды жандар 145 миллион доллар аударған

24 қаңтар, 16:48

Фото: ғаламтордан

 Джо Байден сайлауалды науқан кезінде аты-жөнін құпия ұстаған адамдардан қаржылай көмек алудан рекорд орнатты. 

Алматы, NEGE. АҚШ президентіне қайырымды жандар 145 миллион доллар аударған. Бұл Дональд Трамп алған ақшадан 5 есе көп. Ол жинаған қаражат көлемі 29 миллион долларға жетпейді. Бір қызығы, Байденді ұсынған Демократиялық партия бұған дейін анонимді көздерден ақшалай жәрдем алуды сынап келген еді. Олар «бұл амал жемқорлыққа жатады» деп қарсы болған. Бірақ Трампты жеңу үшін демократтар былтырғы президент сайлауының алдында аталған ұстанымынан түбегейлі бас тартқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации