Доллар сатылмай тұр

17 наурыз, 10:15

Фото: istockphoto.com

Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкенттегі айырбас қосындарында доллар сату уақытша тоқтады, деп хабарлады ҚазТАГ Kurs.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т436, сату (сатылып жатқан айырбас пункттерінде ғана) – Т438 болды.

Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т430,6, сату – Т438.

Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т434,5.

Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т434,59 құрады.

Еске салсақ, 16 наурызда түске дейін АҚШ доллары кейде Т450/$1 белгісіне жақындаған, кейде айырбас пункттері тіпті жұмыстарын тоқтата тұруға мәжбүр болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации