Депозит те, кредит те өскен. Ұлттық Банк өткен айдың қортындысын шығарды

29 шілде, 19:41

Фото: Bestnews.kz

Банктер экономикаға кредит беруді азайтқан. Заңды тұлғалар несие алуды қысқартса, есесіне қарапайым халық кредитке көбірек жүгінген. Бүгін Ұлттық Банк қаржылық жағдайды шолып отыратын ай сайынғы есебін жариялады

Депозиттердің көлемі бір айда 1 пайызға көбейіп, 20 триллион теңгеге жетіп қалды. Осы көлемнің тең жартысы заңды тұлғаларға, қалған жартысы жеке тұлғаларға тиесілі. 

Теңгемен салынған депозиттер 3 пайызға өссе, керісінше шетел валютасындағы депозиттер 1,8%-ға азайған. Дедолларизация өз жемісін бергенге ұқсайды. Себебі долларлану деңгейі былтыр дәл осы уақытта 43,1% тұрса, қазір 40% деңгейіне дейін түскен.

Банктер экономиканы кредиттеу көлемін 0,3 пайызға азайтқан. Несиелеудің жалпы көлемі 14 триллион теңгеге сәл жетпей тұр. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемі 2 пайызға азайса, керісінше жеке тұлғалар несие алуды көбейтіп жіберген.

#кредит #депозит #қаржы
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации