ДДСҰ: Шектеу шараларынан түбегейлі бас тартуға әлі ерте

03 наурыз, 11:19

Фото: ғаламтордан

 Коронавирус төңірегіндегі ахуал күніге құбылып тұр. Бір күні ковид жұқтырғандар азайса, ертесіне бұл көрсеткіш күрт өзгеріп, науқастар саны көбейіп шыға келеді.

Алматы, NEGE. Кейінгі екі ай бойы бәсеңсіп келген вирус өткен аптада тағы бас көтерді. Бірақ соған қарамастан, әлем елдері карантин талаптарын бірінен соң бірі жеңілдетіп жатыр. Расымен де, осы дертті тоқтату мақсатында қабылданып жатқан шаралар әр елде әртүрлі. Бірі шектеу шараларын қатаңдату керек десе, енді бірі карантин талаптарын барған сайын жеңілдетіп жатыр.

Қажылық сапарға жол ашық 

Сауд Арабиясының билігі осындай шешім қабылдады. Бірақ міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алулары керек. Бұл туралы Корольдіктің денсаулық сақтау министрі хабарлады. Дегенмен, ел шекарасының нақты қашан ашылатыны белгісіз. Өйткені пандемиялық ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Бұған дейін ел билігі 2021 жылдың 31 наурызынан бастап шекаралардың ашылатынын айтқан еді. Бірақ кейін қажылық пен ұмра рәсімдерін атқаруға уақытша тыйым салу мерзімі 2021 жылдың 17 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлады.  Естеріңізде болса, былтыр жаһанды жайлаған індетке байланысты қажылық парызын 10 мың адам ғана өтеді. Оның дені сол жақтағы жергілікті азаматтар.

  Айта кетейік, кеше шектеу шараларынан әбден мезі болған Бразилия тұрғындары шеруге шыққан еді. Кезекті локдаунға қарсы жұртшылық «енді қамалып үйде отырмаймыз, жұмыс істейміз» деп құлшынып отыр.

Қалай болғанмен де, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге шектеу шараларынан бас тартпауға шақырып отыр. Өйткені соңғы 7 аптада әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейе бастады. Сондықтан ұйым өкілдері әлем елдерін карантиндік талаптарды жеңілдетпеуге үндейді. «Өйткені вирустың таралуы толығымен бақылауға алынған жоқ», - дейді олар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации