COVIDстан. Коронавирус қазақ экономикасын өлтіре ме?

06 наурыз, 10:50

Фото: forbes.kz

Қытайтанушы, сарапшы Антон Бугаенко "короновирус ең алдымен Қазақстандық экспортқа шабуыл жасайды" деген пікірде. "Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тоқтамаса да, Қытайда өндірістің жабылуы ресурстарды тұтынудың күрт төмендеуіне әкелмек" деп жазады Ekonomist.kz.

2019 жылы Қазақстанның Қытайға экспорты 7,8 млрд долларға, Қытайдан импорт 6,5 млрд долларға жеткен. Өткен жылдардағы экспорттың өсуіне сүйене отырып, 2020 жылы Қазақстан Қытай нарығына 24,4 пайызға көбірек өнім сатуы тиіс еді. Сонда жалпы жылдық экспорт шамамен 9,7 миллиард доллардан, ал бірінші тоқсандағы экспорт - 2,3 миллиард доллардан асуы тиіс болатын. Бірақ бұл сценарий орындала ма?

Өнеркәсіп тұрғысынан алғанда, екінші маңызды сала саналатын металлургия өнімдерінің экспорты қиынға соғады. Саланың негізгі компаниялары - "KAZ Minerals", "Қазатомпром" және "Қазақмыстың" жағдайы қиындайды. Осы компаниялардың сатылымы төмендесе, ел бюджетінің кірісі құлайтын болады дейді Антон Бугаенко.

Қытайдағы зауыттардың жабылуына байланысты жеткізілімнің тоқтауы, сатып алудың нақты көлемінің қысқаруы, коронавирус қырсығынан мұнай бағасының құбылуы экспортқа кері әсерін тигізеді. Тек Қытай субсидия механизмін қосса, біздің жағдай түзелер еді. Қытайдың нарығына қатысты Қазақстанның іске асырылмаған экспорттық әлеуеті - кем дегенде 2,6 миллиард доллар.

Фото: inbusiness.kz

Қазақстан нарығы қытайлық жеңіл өнеркәсіпке көбірек тәуелді. Қытайдың үлесі 2 миллиард долларлық импорттың 836 миллион долларын, яғни шамамен 40% құрайды. Бұл бағытта Қытайға деген тәуелділікті азайту қажет. Азық-түлік нарығында да жағдай осындай. Коронавирус біздегі инфляцияны арттыру қаупі бар. Қаңтар айында Қытайдағы инфляция 5,4% -ға жетсе, бір жыл бұрынғы 4,5 пайызға қарағанда, азық-түлік инфляциясы үдей түсті. Осыған орай, Қазақстан Ұлттық банкі инфляция болжамын қазіргі 4-6% -дан қайта қарауы мүмкін.

#коронавирус #мамин #экономика
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации