Бір айда 3,7 млрд теңге аударған

03 наурыз, 17:35

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Қазақстандықтар 2020 жылдың қаңтар айында республика бойынша аударым жүйелері арқылы 3,7 млрд теңге ақша аударған, деп хабарлады Ranking.kz.

Алматы, NEGE.   Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 63,7%-ға жоғары. Сонымен қатар транзакциялар саны да 5,7 есеге артып, 35,9 мыңға жетті. Өткен жылы аударымдар көлемі 41,8%-ға, транзакциялар 68%-ға қысқарған болатын. Орта есеппен бір аударым 104 мың теңгені құрайды. Дегенмен бұл 2018 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 71,3%-ға төмен.  Ал транзакциялар көлемі бойынша 1,1 млрд теңге көрсеткішімен «Золотая Корона» ақша аударым жүйесі көш бастап тұр.

 Одан кейінгі орында 143,8 млн теңгемен –Western Union. Үздік үштікті Faster жүйесі қорытындылайды.  Ел аумағында теңгемен жасалған аударымдар  41,6%-дан 70%-ға артты. Ал доллармен жасалған операциялар 37,1%-дан 27,7%-ға қысқарды. Сондай-ақ рубль және еуромен жүргізілген операциялар көлемі қысқарған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации