Биліктің алғашқы қадамы: Базалық ставка - 12%

10 наурыз, 10:00

Фото: kazakh-tv.kz

Кредиттер қымбаттады. Теңгелік депозиттер анағұрлым пайдалы болады. Базалық мөлшерлеменің 3 пайызға бірден көтерілуі бізге тағы қалай әсер етеді?

Бүгін Ұлттық Банк сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында бағаның тұрақтылығын қолдау үшін базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша кезектен тыс шешім қабылдады. Бүгіннен бастап базалық мөлшерлеме пайыздық дәлізді +/-1,5 пайыздық тармаққа дейін қеңейтіп, жылдық 12% деңгейінде белгіленеді.

"Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне қарай қабылданды. COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауындағы негізгі факторға айналды" - делінген хабарламада.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы уағдаластыққа келе алмауы нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30%-дан аса барынша көп төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болды. Инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуын алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталды.

Ұлттық Банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін сақтамақ. Ал интервенцияларды тек қажет болған жағдайда жүргізетінін мәлімдеп отыр. Енді базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 16-шы наурызда жарияланбақ.

#базалықставка #девальвация #теңге #мұнай
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации