Базалық ставка - 9,5%

03 сәуір, 17:05

Фото: total.kz

Ұлттық Банк өзінің тым артық кеткенін мойындаған сияқты. Сондықтан базалық ставканы қайта түсірді. Естеріңізде болса 10 наурызда Ұлттық Банк мұнай бағасының құлдырауынан шошып, базалық ставканы 9дан 12ге дейін бірақ секірткен болатын.

"Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 2021 жылы кейіннен бәсеңдей отырып, 9-11% шегінде қалыптасады деп күтеміз. Ұлттық Банктің бағалауы қазіргі жағдайлар сақталған кезде ағымдағы жылы экономикалық өсу теріс болатынын көрсетіп отыр. Бұл шешім Ұлттық Банктің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, біздің экономика үшін тәуекелдерді шектеуге және оны сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған бірқатар шараларының бірі болып табылады" - деп хабарлайды Ұлттық Банк.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын 1 трлн теңгеге дейін кеңейтуді және 600 млрд теңге сомасынаШағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын қабылдауды қоса алғанда, Ұлттық Банктің басқа шараларымен бірге базалық мөлшерлемені төмендетуі коронавирус салдарының Қазақстан экономикасына әсерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және экономикалық белсенділікке қолдау көрсетеді.

"Ұлттық Банк сыртқы және ішкі жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады және қажет болғанда өзінің монетарлық саясатын икемдеп түзетіп отырады. Ұлттық Банктің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті мүмкіндіктері мен құралдары бар және әлемдік экономикадағы ахуал айтарлықтай нашарлаған жағдайда тиімді шешімдер қабылдауға дайын" - деп жазады, реттеуші.

Қазақстан Чехияның жолымен жүрмек дейді, сарапшылар. Экономист Олжас Тілеуов Чехияда да базалық ставканың күрт өсіп, одан кейін төмендегенін мысалға келтіреді. "Қалай болғанда да, жоғары ставкадан көрі төмен ставка экономикадағы қиындықтарды жеңуге көбірек көмектеседі" дейді, Экономикалық бастамаларды қолдау қоры сарапшылары. Қазір ставканың инфляциямен теңескен жағдайында, экономикаға қаржы құю мәселесін тезірек шешуге болады және қаржылық институттарға бұл жағымды сигнал болмақ. Біз енді кредиттеудің көбеюін күте аламыз.

#базалықставка #девальвация #теңге #мұнай
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации