Банкте кредиті бар азаматтарға қандай жеңілдіктер жасалады?

17 наурыз, 10:45

Фото: ғаламтордан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова халықты алаңдатып отырған несие төлеу мәселесіне қатысты баяндады.

Алматы, NEGE«Кепілсіз тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырманы іске асыру үшін мынадай шаралар көзделеді: төтенше жағдай кезеңінде және тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 90 күн өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұдан ары аталған шара заңнамалық негізде қарастырылады. Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 пайыздан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді», - деді төраға.

Демек, несиесі бар кез келген азамат төтенше жағдайлар кезінде несиесін төлей алмаса, оның несие төлей алмаған күндері (просроченная задолженность) үшін үстіне өсімақы (пеня) 90 күннен кейін жүрмейді, қосымша ақша төлемейді. Сонымен қатар несие тарихы (кредитная история) бұзылмайды. Бірақ, кешіктірілсе де ай сайынғы кредиттік төлемді төлеу міндетті.

Мәдина Әбілқасымова сонымен қатар халық және бизнес үшін борыш өтемесінің өсуіне жол бермеу бағытындағы шараларды да айтып өтті. Оның айтуынша Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, экономиканың жекелеген салаларына шектеу шараларының енгізілуіне байланысты халық пен ШОБ субъектілерінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдау қажет. Агенттік Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейлі банктермен және несие нарығындағы басқа да субъектілермен бірлесіп, мынадай шараларды пысықтап, қолданбақ.

«Біріншіден ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес несие бойынша міндеттемесін орындамаған қарыз алушы аса күрделі, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайларға тап болған кезде мүліктік жауапкершілікті атқармайды. Яғни несиесін төлей алмайды. Мұндай жағдайға төтенше жағдай режімінің енгізілуі де жатады. Соған байланысты жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микронесиелері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, банкке қарыз ақшаның үстіне айыппұл мен өсімпұл есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға, банктер ғана емес ломбардтарды және несиелік серіктестіктерді, қарыз беретін барлық кредиторды қоса алғанда барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылады», - деді Әбілқасымова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации