Бақыт Сұлтанов: «Сәтті пайдаланып қалған» кәсіпкерлерге тергеу басталды

04 сәуір, 17:39

Фото: Neonomad.kz

Азық-түлік нарығында алыпсатарлық орын алған фактілер анықталды. Негізсіз баға өсімі үшін кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту жасалды, деп жазды  ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында. Бұл туралы BAQ.KZ. хабарлады.

Алматы, NEGE.  «Құрметті достар! Бәріміз үшін бүгінгі қиын-қыстау жағдайында, өкінішке орай, тағам азық-түлік нарықтарында бағалық алыпсатарлық орын алған. Негізсіз баға өсімі үшін бақылау органдары тарапынан қатаң шараларды қабылдауды тудыратыны жөнінде кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту жасалған. "Сәтті пайдаланып қалуды" шешкен кәсіпкерлерге БҚРК (монополияға қарсы комитет) хабарлама жолдады және тергеу басталып кетті», - деді ол.

Министрдің сөзінше, қазақстандық өндіріс тауарлары бағасының өсуіне себеп жоқ.

«Иә, шетелден жеткізілетін бірқатар тауардың құны өсуі үшін бірнеше объективті себептер де бар. Бірақ негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар еліміздің ішінде өндіріледі. Бұл қазақстандық өндіріс тауарлары бағасының өсуіне себеп жоқ. Мысалы, қарақұмық жармасы мен рожки бағасы, сондай-ақ барлық жерде сиыр еті мен ұн бағасы да өсіп кеткен. Мұны өткен жылғы астықтың өнімділігі мен егіс науқанының төмендеуімен түсіндіруге болады. Бірақ әлеуметтік маңызы жоғары осы тауарларды өндіру көлемі тұтыну нормасынан артық болуына байланысты бағаның өсуі дүрлігу аясында алыпсатарлықтан туындап отыр», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Министр алыпсатарлықты болдырмау үшін Үкіметтің қабылдаған тетіктері бар екенін айтты.

«Одан басқа, бағалық бітімгершіліктер (алыпсатарлық) және монополиялық жоғары бағалар жағдайында монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылуда, біз шекті бағаларды белгіледік. Алыпсатарлықты жою үшін Үкімет мынадай әлеуметтік маңызы бар тауарларға: 1-сортты ұн, 1-сортты ұннан жасалған нан, рожки, қарақұмық, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, тұзға шекті бағалар белгілеу туралы шешім қабылдады», - деді Сұлтанов.

Сауда министрі соңғы ай ішінде қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына сұранысына талдау көрсеткендей, осы тауарлар көп сатып алынатынын көрсеткенін мәлімдеді. 

«Аталған азық-түліктердің бағалары ағымдағы жылдың басынан бастап өскен. Осылайша, бағалық бұзушылықтарға жол бермеу туралы хабарлаймын және ӘҚКБт (202-бап) қолданыстағы нормалар туралы еске саламын. Тамақ өнімдерін біз белгілеген бағалардан қымбат сату жазаға әкеп соғады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бұзушылық үшін сауда объектілеріне 100 АЕК және қайталанған жағдайда – 200 АЕК (530 200 теңге) айыппұл салынатын болады», - деді министр.

Сонымен, мысалы, 1-сортты ұннан жасалған нанның 1 кг Нұр-Сұлтанда барынша150 теңге, Алматы мен Шымкентте – 146 теңге тұратын болады.
Өңірлерде: Маңғыстау мен Атырау облыстарында – 164, Ақмола мен БҚО –– 160, Павлодар – 161, ШҚО – 150,Түркістан – 148, Ақтөбе – 147, Алматы – 144, Қызылорда – 143, Қостанай – 139, Жамбыл – 138, СҚО – 120.

Қарағанды облысында шекті бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген және 142 -ден 160 теңгеге дейін айырмашылық болады.
Баға 1 кг нан үшін белгіленгеніне назарларыңызды аударамын. Ал бір бөлке нанда (кірпіш) – 550 грамм. Осылайша, бір бөлке наның құны Нұр-Сұлтанда – 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкент қалаларында – 80,3 теңгеден аспайтын болады.

Сиыр етінің 1 келісі астанада 2113 теңге, Маңғыстау облысында – 1847 теңге, Қостанай облысында – 1689 теңге, ШҚО – 1750 теңге және т.б. болады.
Одан басқа, шекті бағаларды бақылау "Карантин кезеңіндегі тауар қауіпсіздігі" web-платформасы арқылы жүргізілетін болады.
Яғни, 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы онлайн-режимінде мониторингіленетін болады.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, мұнда өңірлердегі тауарлардың саны туралы мәліметтер берілетін болады. Қалдықтар туралы деректер азық-түліктің өңіраралық ағынын қамтамасыз ету үшін қажет.

«Ең маңыздысы, тек қана жергілікті әкімдіктер, өндірушілер, көтерме сатушылар мен ритейлер ғана осы платформаға деректерді енгізіп қоймайды, сондай-ақ қарапайым сатып алушылар да енгізе алады. Яғни, бізде ішкі нарықта не болып жатқаны туралы жедел, толық және шынайы деректер болады.
Сондықтан барлық азаматтарымызды, тұтынышыларымызды web-платформаны қолдануға шақырамын. Сенім телефондары мен біздің телеграмм-арнасы жұмыс істеп тұр, олар арқылы бағалар туралы ақпарат алып отырмыз. Сіздердің барлық өтініштеріңізге талдау жасалып, олар бағаны тежеу туралы шешім қабылдаған кезде ескерілетініне сендіргім келеді», – деп сөзін түйіндеді министр.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации