Байден Қытаймен арадағы сауда тартысын тоқтатудан бас тартты

02 желтоқсан, 17:54

Фото: inbusiness.kz

Вашингтон мен Бейжің пандемия кесірінен сауда келісімінің екінші бөлігіне қатысты мәмілеге келе алмай отыр. АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті деп жарияланған Джозеф Байден билікке келісімен Қытаймен арадағы сауда соғысын тоқтатпайтынын және Дональд Трамптың Бейжіңге салған баж салығының күшін жоймайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы. NEGE. Ол Вашингтон Азия мен Еуропадағы кеңесшілерімен пікір алмасқаннан кейін ғана жаңа стратегия құрып, шешім қабылдау керектігін жеткізді.  Еске сала кетсек, АҚШ пен Қытай қаңтар айында сауда келісімінің бірінші бөлігіне қатысты құжатқа қол қойған еді. Ол бойынша құны 250 млрд доллар болатын қытайлық тауарларға 25%, 120 млрд доллар болатын өнімдерге 7,5% баж салығы енгізілген еді. Сонымен қатар Қытай АҚШ-тан 75 млрд долларға өндірістік тауарларды, 50 млрд долларға энергия тасымалдаушыларды, 40 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін, 35-40 млрд долларға қызметтерді сатып алуға міндеттелді. Пандемия кесірінен тараптар сауда келісімінің екінші бөлігіне қатысты мәмілеге келе алмай отыр.
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации