Әзербайжанның екі қаласына зымыранмен шабуыл жасалды

17 қазан, 11:28

Фото: ғаламтордан

16 қазаннан 17-не қараған түні, 01.00 шамасында Әзербайжанның Гянджа және Мингячевир қалаларына ракетамен шабуыл жасалды. 

Алматы, NEGE. Салдарынан Гянджеде 12 адам мерт болып, 40-тан астам тұрғын жарақат алды. Ондаған үй қиратылды. Болжам бойынша шабуыл СКАД (Р-17) баллистикалық зымырандарымен жасалған. ӘР президентінің көмекшісі – Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Х. Гаджиевтің мәлімдеуінше, Гянджеге зымырандар Армениядан жіберілген.

  Ал Арменияның қарулы күштері бұл шабуылға қатысымыз жоқ деп отыр. Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ш.Степанян Армения аумағынан немесе Армения қарулы күштері тарапынан Әзербайжанға оқ жаудырылған жоқ деп жазды. Айта кетейік, Таулы Қарабақ оқиғасы 27 қыркүйекте қайта шиеленісіп кетті. Ауқымы кең әскери қақтығыс жүріп жатыр. Әзербайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланды. Ресей тарапының бастамасымен Мәскеуде өткен кеңес нәтижесінде Баку мен Ереван тұтқындар мен қаза тапқандардың денесімен алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша 12.00-ден бастап атысты тоқтату туралы келіскен болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации