Атырау қаласын көгалдандыруға 4,69 млрд теңге жұмсалады

27 қыркүйек, 10:16

Фото: 24.kz

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстарын жеке серіктеске беру туралы шешім қабылданды.

Алматы, NEGE. Бұл өткізілген конкурстан кейін жасалған. «Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 375 мың гүл егілді. Сондай-ақ қаланың 38 көшесінде, 15 саябағы мен алаңында егілген өскіндерге, ағаштарға, алаңы 40 612 шаршы метр гүлзарларға, бұталы қоршауларға күтім жасалады. Сорғы станциялары мен суару жүйелеріне кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қала тарихын қалпына келтіру мақсатында 1,5 га алаңда «Сутягин бағы» аталатын жеміс бағы жанданды. Жеңіс саябағы аумағында жеміс ағаштары егілді. Қазір оның 900-і тамыр жайды»,-деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Биыл қаланың ең ірі 12 көшесінде 200 шақырым суару желісін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетер жайт, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Атырау қаласының аумағында жасыл желектерді отырғызуды, өсіруді жүзеге асыратын компанияларды міндеттейтін жол картасы қабылданды. Бұл үшін оларға жер телімдері беріледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации