Әр қазақтың зейнет жинағы 1 миллионнан сәл ғана асқан

10 наурыз, 16:16

Фото: sputniknews.kz

2020 жылдың 1-ақпанында, орташа есеппен алғанда, әр қазақстандық Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 1 млн теңге жинаған. Бұл туралы осы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «2020 жылдың 1-ақпанында міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың зейнетақы шоттарындағы жинақ орта есеппен 1,09 млн теңге болды. Былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда, 11 пайызға артып отыр», – делінген хабарламада.

Ер адамдардың жинағы (Т1,2 млн) әйел адамдарға (Т949 мың) қарағанда көбірек екен. «Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 22 жыл толды. Қазірдің өзінде аралық қорытынды жасауға болады. 1998 жылдан бастап қорға тұрақты түрде жарна салып отырған салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңге болды», – дейді БЖЗҚ өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации