AQR: 4 банктің жағдайы мәз емес

28 ақпан, 16:30

Фото: nege.kz

Бүгін банк активтерін бағалау бойынша кешенді тексеру (AQR) нәтижелері жарияланып, қай банктерге өз жағдайына назар аудару керектігі айтылды. Олар ЦентрКредит, АТФБанк, Нұрбанк пен Еуразиялық банк. Бұған дейін сарапшылар топшылап келген, бірақ атын атамауды жөн көріп отырған банктерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олег Смоляков ашық жариялады.     

Сонымен - ЦентрКредит, АТФБанк, Нұрбанк пен Еуразиялық банк. Нұрбанктің "қызуы көтеріліп жүргенін" Nege.kz бұған дейін де жазған болатын. Енді аталған төрттік "активтерді қорғау бағдарламасына" еніп отыр. AQR нәтижелері бойынша барлық банктер нормативтерге сәйкес жеткілікті негізгі капиталға ие деп атап айтты Олег Смоляков. "Тағы да қайталап айтамын, салымшылар үшін еш қауіп жоқ". ҚНРДА ойынша, бастысы ашық тексеру өткізіліп, банк жүйесіне деген сенім пайда болды. Аталған төрт банктің барлығы AQR нәтижесін қолдарына алғаннан кейін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін 7,5%-дан арттырды.

 

1. ЦентрКредит банкі

AQR акционерлерді банкке 26,4 млрд теңге құюға мәжбүрледі.

Фото: inbusiness.kz

 

2. АТФБанк

Банк акционерлері банкке 44,2 млрд теңге тартты.

Фото: smebanking.news

 

3. Нұрбанк 

Акционерлер 31,3 млрд теңгеге шығындалды.

Фото: kursiv.kz

 

4. Еуразиялық банк

Тексеру нәтижесінде акционерлер 44,9 млрд теңге салуға мәжбүр болды.

Фото: 7kun.kz

#AQR #нурбанк #атфбанк #бцк
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации