Ангела Меркель партиясына кім басшылық жасайды?

16 қаңтар, 18:35

Фото: google.com

Германияда Христиан-демократиялық партиясының онлайн-съезіне қатысушылар жаңа төрағаға дауыс берді. Сайлау процедрасы іс жүзінде поштамен дауыс беру біткен соң аяқталады, деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.

Алматы, NEGE. Христиан-демократиялық партиясы съезіне қатысушылар Солтүстік Рейн – Вестфалия федеральды жерінің 59 жастағы премьер-министрі Армин Лашетті партияның жаңа төрағасы етіп сайлады.

Оның кандитатурасын бүгін, 16 қаңтарда ХДП-ның екі күнге созылған видеоконференция режиміндегі съезі барысында шараға қатысушылар қолдап дауыс берді.

ХДП партиясының съезі пандемияға байланысты екі рет өткізу уақытын өзгерткен болатын.

Айта кетерлігі, Германия Федеративті Республикасының қазіргі канцлері, соңғы 15 жыл бойы ел үкіметіне басшылық жасаған Ангела Меркель өз кандидатурасын ұсынудан бас тартқан болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации