Әмбебап әлеуметтік ID-карталар тегін таратылады

09 сәуір, 16:13

Фото: 24.kz

Қазақстандықтарға әмбебап әлеуметтік ID-карталар тегін таратылады. Бірыңғай карта әлеуметтік және көлік карталарын алмастырады, сондай-ақ тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. 

Алматы, NEGE. 2020 жылдың соңына дейін «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» жобасы аясында қазақстандықтарға тегін әмбебап әлеуметтік карталар беріледі. Бірінші кезекте карталармен зейнеткерлерді және мемлекеттен әлеуметтік көмек алушылар қамтамасыз етіледі. «Әртүрлі нұсқалар қарастырылды, соның ішінде NFС технологиясы бар QR-кодтар мен смартфондарды пайдалану. Алайда мұндай шешімдер белгілі бір қиындықтарға байланысты қабылданбады.

Біріншіден, көптеген зейнет жасындағы азаматтар смарт-құрылғыларды толық қолдана алмайды.

Екіншіден, барлық өңірлердің тұрғындары интернетпен қамтылмаған. Сондықтан ID картаны онлайн және офлайн пайдалана алу үшін пластикалық карта түрінде шығару туралы шешім қабылданды. Барлық азаматтар оны қалай пайдалану керектігін біледі», - дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Әлішер Елубаев.

Әмбебап картада бірқатар мемлекеттік қызметтер біріктіріледі: зейнетақы мен жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, сауда, медициналық және басқа да желілердегі тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысуға болады. Әлеуметтік карта бойынша жол жүруге 50% жеңілдік, шипажайда демалуға 100% өтемақы алуға болады. Бұл ретте картаға «мақсатты бақылау» деп аталатын жүйе енгізіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации