Алтын тағы арзандады

17 наурыз, 10:35

Фото: tradernet.kz

Лондонда дүйсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1487,7 болды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

 

Алматы. NEGE. Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 16,95-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1338,93 (-7,43), британ фунтымен есептегенде – 1210,54 (-12,74) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации