Алтын қымбаттады

04 наурыз, 11:14

Фото: metallurgprom.org

Лондонда сейсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1615,5 болды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы. NEGE.  Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 16,45-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1446,03 (+8), британ фунтымен есептегенде – 1260,25 (+10,27) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации