Алтын бағасы арзандап жатыр

27 ақпан, 10:35

Фото: inbusiness.kz

Лондонда сәрсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1634,9 болды, деп хабарлады ҚазТАГ

Алматы. NEGE. Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 13,05-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1505,42 (-10,03), британ фунтымен есептегенде – 1264,76 (-8,61) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации