Алтын арзандады

11 наурыз, 10:29

Фото: goldenfront.ru

Лондонда сейсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1655,7 болды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы.  NEGE. Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 1,7-ге түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1455,86 (-4,14), британ фунтымен есептегенде – 1273,23 (+3,83) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации