Алматыдағы базарлар жабыла ма?

04 наурыз, 18:17

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

WhatsApp арқылы қалалық базарлардың коронавирусқа байланысты жабылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

Алматы, NEGE. Таралған ақпартқа байланысты Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы пікір білдірді. 

Алматы әкімдігі бұл қауесеттерді жоққа шығарып, алматылықтарды негізсіз дүрлікпеуге шақырды. 

«Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қалалық базарлық күнделікті режим бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - деді қала әкімдігі. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации