Алматыда компьютердің саудасы жүріп тұр

18 наурыз, 12:50

Фото: fk.by

Бүгін Алматы қаласында карантин орнайтын болған соң, елдің бәрі дүрлігіп, керек-жарағын жапа-тармағай алып жатыр. Әсіресе, дәріханалар мен компьютер дүкендерінің саудасы қызған.

Алматы. NEGE. Дәріханаларда қазір маска мен антисептик қалмаған. Дәрі-дәрмек алуға ұзын-сонар кезек. Компьютер дүкендерінде де қарбалас. Алматылық тұрғындардың айтуынша, карантин орнаған соң, жұмыстары жабылып, үйде еңбек етуге тура келеді. Алайда, жұмыс берушілердің дені қызметкерлерін компьютермен қамтамасыз етпеген. «Жұмысты үйден жасайсыңдар, компьютерлері жоқтарың өздерің сатып аласыңдар. Бірақ шаруа тоқтамасын», – деп, компьютер сатып алуға мәжбүрлеп жатқан көрінеді

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации