Алматыда демеушілердің көмегімен 129 адам жеке кәсібін ашқан

25 ақпан, 17:46

Фото: inform.kz

2019 жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Іскер ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын, "Бақытты отбасы" орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Алматы. NEGE. Аталған бағдарлама бойынша 13 474 адам базалық тренингтерден өтті, 6 900 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламадан демеушілер мен меценаттар арқылы бизнесті ашу мүмкіндігі қарастырылған. 2019 жылы демеушілердің көмегімен 129 адам жеке кәсібін ашты.
Аз қамтылған отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығына 5 692 отбасы келіп, 3 686 бала әлеуметтік педагогтар қызметін алды. 776 адам – заңгердің, 3 766 адам – әлеуметтік қызметкердің, 1 166 адам – медицина қызметкерінің, 567 адам – психологтың қызметтерін пайдаланды. Көп балалы аналарға балаларымен бірге бассайндерге және фитнес-залдарына бару үшін 1298 сертификат берілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации