Алматы қаласына коронавирустан сақтану шаралары үшін 73,5 млн теңге бөлінген
13 наурыз, 19:25

Алматы қаласы әкімдігінің қорынан 94,5 млн теңге бөлінді.
Алматы. NEGE. Әлемдік тәжірибеге сай емдеу шаралары жүргізіледі. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
"Арнайы дәрі-дәрмек сатып алынған. Алматы қаласына сақтық шаралары үшін 73,5 млн теңге бөлінген. Әкім қорынан 94,5 млн теңге бөлінді. Оған арнайы киімдер, дәрі-дәрмек сатып алынады", - дейді басқарма басшысы.