Әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушылардың бірі ұсталды

22 сәуір, 16:58

Фото: 24.kz

Әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушылардың бірі Жоау Филипе Барбиери 21 сәуірде Бразилияда ұсталды. Бұл туралы O Globo хабарлады.

Алматы, NEGE.  Қылмыскерді Бразилия полициясының арнайы бөлімі – Polinter қызметінің агенттері ұстады. Барбиери Нитерой қаласында анасының үйінде жасырынған. Бір күн бұрын полиция Барбиеридің серіктесі Жоау Виктора Розаны қамауға алды. Олар бірнеше ай бойы биліктен жасырынған. 2020 жылдың 18 қарашасында Барбиери және оның серіктесі Бангу түрмесінен босату рұқсатын қолдан жасап қашып кеткен. 2017 жылы Барбиери қару-жарақты заңсыз сатқаны үшін 27 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации