Әлемдегі ең бай адамдар бір күнде $139 млрд жоғалтты

25 ақпан, 12:45

Фото: kapital.kz

Коронавирус әлемдік экономикаға ауыр соққы болып тиіп отыр. 24-ақпанда әлемнің ең бай адамдары қор нарықтарындағы үрейдің кесірінен $139 млрд жоғалтқан. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып Kursiv.kz хабарлады.

Алматы. NEGE. Бұл 2016 жылдың қарашасынан бері, яғни басылым мұндай бақылау жүргізгелі бері, Bloomberg рейтингіндегі адамдардың ең ірі шығындары екен. LVMH компаниялары тобының Бас директоры Бернар және Amazon басшысы Джефф Безос $4,8 млрд-тан жоғалтыпты. Zara қожайыны Амансио Отрега –$4 млрд, ал Марк Цукерберг — $3,48 млрд зиян көрген. Ондыққа кіретін қалған миллиардерлердің табысы кем дегенде  $2,3 млрд долларға азайған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации