АҚШ-тың алты штатында антирекорд орнады

23 қазан, 09:41

Фото: 24 kz

  АҚШ-тың алты бірдей штатында коронавирустан көз жұму деректері бойынша антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл – Айова, Миннесота, Монтана, Канзас, Гавайи және Висконсин штаттары. Сондай-ақ соңғы тәулікте бүкіл ел бойынша ауруханаға 40 мың науқас түскен. Бұл тамыздан бергі ең үлкен көрсеткіш. Айта кеткен жөн, АҚШ вирус жұқтырғандар мен індеттен көз жұмғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Елде 8,5 миллионнан аса оқиға тіркелген. 230 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Ал, Вашингтон университетінің медицина мектебі ғалымдарының болжауынша, келесі жылдың ақпанына дейін көз жұмғандар саны 390 мыңға дейін жетуі мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации