Ақшаң көп болса да бәле екен

04 наурыз, 15:16

Фото: lenta.ru

Германияны қазір қолма-қол ақша көміп қалыпты. Ақша қоры бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жеткен. Ақшаны банктер де, жинағын жоғалтпау үшін азаматтар да жаппай сатып алып жатқан көрінеді.

Алматы. NEGE.  Бұл кредит беретін ұйымдардың күлкісін тыйып отыр. Олар қаржы үнемдеу үшін қызметкерлерді жұмыстан шығара бастаған. Сонда да миллиардтаған еуродан айырылып жатыр. Еуропаның орталық банкінің саясаты мен немістердің ұқыптылығы, тиын санайтын сараңдығы, дүниеқоңыздығы жағдайды осындай тығырыққа әкеп тіреген. Кейбір сарапшылар бұдан Еуроодақтың ыдырау қаупін көреді. Мемлекет қолма-қол ақшаны үйде сақтамауға шақыруда. Өйткені, көрпе астында тығылған ақша экономикадан шыққан қаражат болып есептелінеді. Елдің ЖІӨ-сі тауар мен қызмет сатып алудан өседі. Ал сейфте жатқан ақшаның еш пайдасы жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации