АҚШ Қазақстанға коронавируспен күреске қомақты қаржы бөлуге дайын

13 наурыз, 12:10

Фото: ғаламтордан

АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирустық инфекциямен күресу әлеуетін күшейту үшін 890 мың доллар бөлуге дайын, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елжан Біртанов COVID-19 мәселелері бойынша Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың ресми өкілдерімен кездесті.

Халықаралық ұйымдардың бастамасы бойынша Денсаулық сақтау министрі Орталық Азиядағы CDC директоры Дэниел Сингермен, USAID Денсаулық сақтау департаментінің директоры Джошуа Карнспен, Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы федерациясының (IFRC) төраға басшысы Баярма Лунтанмен және ДДСҰ өкілдігінің өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасына COVID-19-ға қарсы күрес дайындығы бойынша консультативтік және қаржылық қолдауды үйлестіру.

«АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирустық инфекциямен күресу әлеуетін күшейту үшін 890 мың доллар бөлуге дайын. Бұл қаражат серіктес халықаралық ұйымдар (ДДСҰ, Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы федерациясы, Abt Associates Inc.) арқылы жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында тараптар медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, зертханалық мүмкіндіктерді нығайту, клиникалық жағдайларды хаттамаларға сәйкес емдеу, COVID-19 жағдайына бақылау және жедел әрекет ету, ақпараттық жұмысты күшейту және тағы басқа сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттарын іске асыру үшін бірлескен жобалық топ құруға шешім қабылдады.

Министр Елжан Біртанов COVID-19 вирусын анықтау, басқару және таратпау саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации