8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізіледі

25 ақпан, 20:30

Фото: google.com

Финляндия елінің үкіметі елде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты 8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізді. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім етті, деп хабарлайды Yle агенттігі.

Алматы, NEGE. «8 наурыздан бастап Финляндияда локдаун енгізіліп, 28 наурызға дейін созылады», – деді ол. Енгізіліп отырған шаралар аясында орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылып, 12 жастан асқан балалар үшін сабақ өткізілмейді, сонымен қатар елдегі мейрамханалардың жабылуы жоспарланып отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации